

ҚОЖА : ЖАҢА САЯХАТ
Драма
- 01:30 / 90 мин.
- с 13/03/2025
- 14+
15 жастағы Қожаберген роман жазған ең жас жазушы болғысы келеді . Өзінің соғысқа кетіп , оралмай қалған әкесі туралы кейбір естеліктерді санасында жаңғыртып , күнделікті күйбең тірліктен алған әсерін түйіндеп жазуды мақсат етеді . Бірақ оның алдынан үнемі қандай да бір кедергілер шыға береді . Айналасында жанын ұғар ешкім жоқ . Анасы да жан дүниесін түсінбейді , ауыл мұғалімдері де Қожаның ойын елемейді . Қожа үйіне келгіштеп жүрген Қаратайды әкесінің орнына таласқан « жау »
көреді . Сол үшін қара мотоцикл мінген Қаратайдың төбесі көрінсе болғаны , сотқарлық жасауға дайын тұрады . Ал жақын досы Сұлтанға басы қосылса болғаны бір бәлеге ұшырайды . Бірде Қожаның бала махаббаты Жанарға арнаған өлеңін тауып алған Жантас , оны бүкіл сыныптың алдында мазақ етеді . Осындай сыртқы және ішкі қайшылықтарға тап болған Қожа Сұлтанмен бірігіп Қаратайдың мотоциклін ұрлап қашып кетеді . Жолда екі дос керісіп қалып , аңдамай мотоциклді жарып алады . Осылайша бүкіл ауыл үлкендері сотқар Қожаны жиынға салып , жазаламақ болады